Қызылорда қалалық полиция басқармасы Тасбөгет полиция бөлімінің жедел – тергеу тобының қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары пәтер ұрлығына қатысты екі күдіктіні анықтап, ұстады. Сондай-ақ, күдіктілер тағы да басқа үйден 26 дана жылу батареяларын ұрлап кеткендігі анықталды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен (Тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кірумен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Ұсталған екі күдікті қамаққа алынды.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!