2022 жылдың 12 айында облыс көлемінде есірткінің заңсыз айналымына байланысты сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірынғай тізіліміне 212 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, оның 28-і есірткі затын сату, 19-і есірткі затын аса ірі мөлшерде сақтау, 43-і сора өсімдігін егу және есірткіні жарнамалаудың 6 дерегі. Сонымен қатар ҚР ҚК-нің 296-бабында (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) көзделген қылмыстық теріс қылықтың 116 дерегі анықталған.
Заңсыз айналымнан барлығы 118 келіге жуық есірткі заты алынды, оның 7 кг. 307 гр. – гашиш, 1 кг.синтетикалық заттар, қалғаны сора өсімдігі.
Нашақорлық пен есірткі қылмыстарының алдын алу мақсатында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы тарапынан алдын алу жұмыстары іске асырылуда. Облыс көлемінде жалпы 362 профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Ұйымдастырылған барлық іс-шараларға 64 мыңға жуық адам қатысты.
Қызылорда облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасында : (87242) 27-55-42 «Сенім телефоны» жұмыс жасауда.
Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!