«Қарасора-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасының негізгі мақсаты – есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы фактілерін анықтау, Қызылорда облысының аумағынан жабайы сораны заңсыз жеткізу арналарын жабу.
Қызылорда облысы аумағында жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде 10 тамыз күні Сырдария ауданы Іңқәрдария ауылынан 25 шақырымындағы канал жиегінде аудандық полицейлер 14 түп сора өсімдігін анықтады. Қылмысқа қатысты облыстың бір тұрғыны ұсталып, оған қатысты «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Сондай – ақ, оқиға орнында 25 литрлік шелек, жер өндеуге арналған құрал тәркіленді.
Қазіргі таңда күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен бөлігімен (Өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!