Бейсенбі, 26 желтоқсан, 14:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада май құю бекетін тонаған азамат сотталды

02.09.2021

636 0

24 ақпан күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына қаладағы май құю бекетінің біріне қарақшылық шабуыл жасалғандығы жөнінде хабарлама түсті.

Жүргізілген тексеру барысында бетіне бетперде киіп алған күдікті май құю бекетіне баса көктеп кіріп, кассирді тапаншамен және пышақпен қорқытып, кассадан ақша, ұялы телефон, шкаф ішінде тұрған мекемеге тиесілі арнайы жүз мыңнан асатын соммадағы газ құятын талондарды алып кеткендігі анықталды.

Оқиға орнынан барлық айғақ заттар дәлелдеме ретінде алынды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері «ізін суытпай» күдікті ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Ол өз кінәсін толығымен мойындап, өкінді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының талабына сәйкес, күдіктінің іс-әрекетіне объективті тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, сәуір айының 3 күні қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды.

Қызылорда қаласының №2 сотының 07.07.2021 жылғы үкімімен айыпталушыға 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: