Сенбі, 28 желтоқсан, 01:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада мұнай компаниясы 450 миллион теңгені мемлекетке қайтарды

09.02.2024

289 0

Фото: Н.Нұржаубай

Қызылорда прокуратурасы мұнай газ компаниясынан 450 миллион теңге өндіріп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Прокуратураның мәліметінше, қаражат аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына жұмсалады.

«Саутс Ойл» мұнай-газ компаниясынан Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен сома өндірілді», – деп хабарлады облыс прокуратурасы.

Қадағалау органы тексеру кезінде жер қойнауын пайдаланушылар өздерінің келісімшарттық міндеттемелерін орындамайтынын анықтады. Бұған сәйкес олар жыл сайын облыстың дамуына төлемдер енгізуге міндетті. Бұл бойынша прокуратура энергетика министрлігіне қадағалау актісін енгізді.

«Нәтижесінде, «Саутс Ойл» ЖШС өңірдің дамуын қолдауға 450 миллион теңге көлемінде төлем жасады», – деп хабарлайды прокуратура.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: