Жұма, 27 маусым, 11:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№46,2159
24.06.2025
PDF мұрағаты

Қызылордада нашақорлыққа қарсы кешенді акция өткізілді

27.06.2025

54 0

«26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» мерекесіне орай Қызылорда қаласының орталық алаңында ауқымды есірткіге қарсы акция өткізілді.

Шара барысында облыстық полиция департаментінің жедел әрекет ету арнайы жасағы мен кинологтар көрме ұйымдастырып, өнер көрсетті. Ал Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы мен еріктілер есірткіге қарсы ақпарат баспа материалдары мен іс-шараның кішкентай көрермендеріне сыйлықтар таратты.
Акция барысында митинг өткізіліп, есірткіге қарсы профилактикалық жұмыста үздік болып танылған түрлі сала өкілдеріне алғыс хаттармен арнайы сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ тілшілер арасында ұйымдастырылған байқаудың үздіктері де марапатталды.
Шара соңы концерттік бағдарламамен жалғасып, есірткіге қарсы театрлық және би қойылымдары көрсетілді. Сонымен қатар белгілі әншілер өз өнерін паш етті.
Айта кетейік,  нашақорлыққа қарсы акцияға арнайы қазақстандық эстрада дуэті Елдос Жанұзақ пен Бейбарыс Садық шақыртылды. Олар акция барысында қатысушыларды салауатты өмір салтын ұстануға және есірткіден аулақ болуға шақырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: