«26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» мерекесіне орай әлеуметтік желілерде, Қызылорда облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының парақшаларында нашақорлыққа қарсы онлайн акция өткізілді.
Акция барысында департамент басшылығы сөз сөйлеп, «26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күнін» мерекелеуге орай айлық аясында өткізілген байқаулардың жеңімпаздары дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды, нашақорлыққа қарсы үндеулерімен өнер көрсеткен балалар мен би нөмірлері және әртістердің өнер көрсетуімен жалғасты. Акция барысында жиналғандар «Есірткіге жол жоқ!» деп ұрандатты. Қазақ эстрадасының әншілері Елдос Жанұзақ пен Бейбарыс Садықтың үндеуі мен әндері көрсетілді.
Онлайн-акцияның басты мақсаты – мүмкіндігінше көп көрерменді, салауатты өмір салтын ұстануға және есірткіден аулақ болуға шақыру!
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!