Қызылорда облысында екі жүк көлігі соқтығысуынан өрт шығып, бір адам қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Шымкент-Самара» тас жолының Арал ауданы аумағындағы 1260 шақырымында болды. Жол бойында Өзбекстаннан Латвияға бағыт алған жүк автокөлігі қарама-қарсы бағытта Ақтөбе облысынан келе жатқан екінші жүк автокөлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан екі автокөліктен өрт шыққан.
«Жол-көлік оқиғасынан Ақтөбеден келе жатқан жүк көлігінің жүргізушісі өрт болған автокөлік ішінен шыға алмай, оқиға орнында қайтыс болды. Жол – көлік оқиғасының себеп-салдарын анықтау мақсатында тиісті сараптамалар тағайындалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Бұдан бұрын Қызылордадағы жол апатынан тағы екі адам көз жұмды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!