ҚР ІІМ-нің және Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілген жедел шаралар барысында қала шетіндегі далалық жерден түрлі атыс қарулары жасырылған орын анықталды.
Аталмыш жерден шолақ мылтық, тапанша, оқтар, асхана пышағы, арнайы құралдар: каска, резеңке таяқ (дубинка), темір қол кісен және арнайы киім алынды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері басталды. Тексеру жұмыстары жүргізілуде. Жасырын жерден алынған заттардың нақты тиістілігін тергеу анықтайды.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!