Дүйсенбі, 25 қараша, 15:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада «Пробация» атты жедел профилактикалық шарасы басталды

16.08.2024

206 0

Ағымдағы жылдың тамыз айының 15-нен бастап Республикалық «Пробация» атты жедел профилактика іс шарасы басталды. Қызылорда қалалық пробация қызметі,  қалалық полиция басқарамасымен және әлеуметтік бейімдеу орталығы қызметкерлерімен бірлескен мобильді топ құрылды. Есепте тұрған тұлғаларға тұрғылықты мекенжайлары бойынша бірлескен тексерістер жүргізіледі.
 Іс шараның мақсаты пробацияда есепте тұрған адамдардың жаңа құқық бұзушылықтар жасауын алдын алу.
Қазіргі уақытта Қызылорда қалалық пробация қызметі тобының есебінде 500-ден астам адам тіркеуде тұр. Тексеріс барысында инспекторлар есептегі тұлғаларға сот жүктеген міндеттерді орындауды және қылмыстық, әкімшілік құқықбұзушылықтар жасамау керек екендігін қатаң ескертіп,олармен профилакткалық сұхбаттар жүргізді.
  Қызылорда қалалық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Фариза Сембаеваның айтуынша сотталғандар іс-шарада барысында құқықбұзушылыққа тартылса біз оларға ескету береміз. Егер 2-3 ескертуден асса, материал жинап оларды Қызылорда қалалық сотына жібереміз. 2-3 ескертуден асып кетсе оларды бас бостандығынан айыруы мүмкін.
Іс-шара кезінде қайталама қылмыс жасауға, алкогольдік ішімдік ішуге, отбасылық тұрмыстық жанжалға бейім тұлғалар қадағаланып, учаскелік полиция инспекторларымен тығыз байланыста жұмыстар атқарылып жатыр. Республикалық профилактикалық шара 22 тамызға дейін жалғасады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: