Жұма, 08 қараша, 01:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88-2098
05.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада пробация есебіндегі 44 азамат түрмеге жіберілді

15.07.2024

348 0

Қызылорда облысында жаза өтеу тәртібін бұзып, пробациялық бақылауға бағынбаған есептегі 44 сотталған бас бостандығынан айырылып, түзеу мекемесіне жіберілді. Қазіргі таңда Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің аудандық және қалалық пробация қызметінің есебінде 1000- ға жуық сотталған бар. Олардың арасында жаза өтеу тәртібі мен сот міндеттеген талаптарды бұзып, пробациялық бақылауға бағынбайтын сотталғандар да кездеседі . Олармен профилактикалық жұмыстар жүргізілгеніне қарамастан еш нәтиже шығармаған. Пробация қызметкерлерімен 44 сотталғанның іс-құжаттары жинақталып, сотқа жолданып,сот қаулысымен олар бас бостандығынан айырылып, түзеу мекемесіне жіберілді. ҚАЖ департаментінің пробация қызметтеріне басшылық жасау тобының инспектор әділет майоры Сәбигүл Тлеуованың айтуынша жуырда Қызылорда қалалық пробация есебіндегі тағы бір сотталған түзеу мекемесіне жіберілген.Ол Кызылорда қалалық #2 сотының 05.08.2022 жылғы үкімімен ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 3)-тармағы, 24-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, жергілікті атқарушы органдар айқындайтын орындарда 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылып, пробациялық бақылау белгіленген. Алайда, ол 100 сағат мәжбүрлі еңбекті орындамай, бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылық жасап, түнгі мезгілде кала аумағында жүріп, тұрғылықты мекенжайында болмай, бірнеше рет жаза өтеу тәртібін бұзған. Қаулы күшіне еніп, жазасының өтелмеген бөлігі 1жыл 27күн бас бостандығынан айырылып, жазасын темір торда өтейтін болды.
Есепке қою кезінде пробация қызметкерлері есептегі тұлғаларға сот жүктеген міндеттерді орындау, жаза өтеу тәртіптерін бұзбау және бақылаудан жасырынбау, ойын-сауық орындарына бармау, мекенжайды ескертусіз тастап кетпеу секілді міндеттерін түсіндіріп, жаза өтеу тәртібін бұзған жағдайда жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылатындығы жөнінде ескертіп, толық ақпараттандырады.Алайда ескертулерге құлақ аспағандар түзеу мекемелеріне жіберілуде дейді әділет майоры Сәбигүл Тлеуова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: