Сейсенбі, 24 желтоқсан, 21:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада пробация есебіндегі азамат қайтарымсыз грант ұтып алды

11.05.2023

540 0

Ағымдағы жылдың сәуір айында Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебіндегі азамат қайтарымсыз грант ұтып алды. Ол «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негізінде Атамекен кәсіпкерлік палатасында оқытылып, жиһаз жасау бойынша бизнес жобасын дайындап, 1млн 380мың теңге көлемінде мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант ұтып алды.

Қалалық пробация қызметінің аға инспекторы әділет майоры Нұрбол Баймурзаевтың айтуынша пробация есебіндегі азаматтар арасында жеке кәсіпке бет бұрғандар күннен-күнге көбейіп келеді. Жыл басынан 3 сотталған мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып алып жеке кәсібін дөңгелетіп отыр.Соның бірі А. есімді азамат мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып алып, үйінің ауласынан цех ашып алып, халықтың сұранысына сәйкес жиһаздар жасап жатыр. Пробация есебіндегі жұмыссыз азаматтарды жеке кәсіп ашуға ықпал жасасақ, енді бірін тұрақты жұмысқа орналастырып жатырмыз. Сондай –ақ пробация есебіндегі сотталғандармен қайта қылмыстың алдын ау мақсатында жүйелі түрде профилактикалық жұмыстар жүргізілуде,- дейді әділет майоры Н.Баймурзаев.

«Мемлекет тарапынан біз секілді азаматтарға қолдау көрсетіп, қайтарымсыз грант бөлініп жатқандығы бизнес жобамыздың жандануына септігін тизгізгеніне өте қуаныштымын. Алдағы уақыттағы басты мақсатым- кәсібімді үлкейтіп, жұмысссыз азаматтарға жұмыс ұсынып, халықтың сұранысына сәйкес жиһаздар жасау. Жеке кәсіп ашуыма ықпал жасап, құқықтық көмек көрсеткен пробация қызметіне алғысым шексіз »-, дейді сотталған азамат.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: