Сенбі, 21 желтоқсан, 18:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада пробация есебіндегі азамат қамауға алынды

10.07.2024

263 0

Қазіргі таңда Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебінде 500-ден астам азамат есепте тұрады. Есептегі азаматтармен үздіксіз құқықтық,мәдени-спорттық шаралар өтеді. Өткізілген жұмыстарға қарамастан құқықбұзушылық жасайтындар да кездеседі.

Жқаныда тағы бір азамат сот жүктеген міндеттерді орындамай, әкімшілік құқық бұзушылықтар жасап, сот үкімімен тағайындалған 100 сағаттық мәжбүрлі еңбекті де орындамаған. Қалалық пробация қызметінің аға инспекторы әділет аға лейтенанты Байқадамова Айда Нұрқабылқызының айтуынша, ол Кызылорда қалалық №2 сотының 05.08.2022 жылғы үкімімен ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 3)-тармағы, 24-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, жергілікті атқарушы органдар айқындайтын орындарда 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылып, пробациялық бақылау белгіленген. Алайда, ол 100 сағат мәжбүрлі еңбекті орындамай, бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылық жасап, түнгі мезгілде кала аумағында жүріп, тұрғылықты мекенжайында болмай, бірнеше рет жаза өтеу тәртібін бұзған. Қалалық пробация қызметімен сотталғанға қатысты құжаттар жинақталып сотқа ұсыныс жолданған. Сот қаулысымен сотталған азаматтың бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі 1 жыл 1 ай 27 күнге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Қаулы заңды күшіне енген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: