Жексенбі, 15 маусым, 15:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№43 – 2156
14.06.2025
PDF мұрағаты

Қызылордада пробация есебіндегі азаматтар арасында 35 құқық бұзушылық анықталды

20.05.2025

280 0

Қызылордада пробация есебіндегі азаматтар арасындағы 35 құқық бұзушылық электронды білезік арқылы анықталды. Қызылорда облысында пробация қызметінің бақылауында тұрған азаматтардың жүріс-тұрысын қадағалауға бағытталған электронды білезіктер тиімділігін көрсетуде. Жыл басынан бері осы құрылғылардың көмегімен 35 құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде 31 жағдайда сотталғандар түнгі уақытта мекенжайын рұқсатсыз тастап кетсе, тағы 4 дерек – әкімшілік аумақтан пробация қызметінің келісімінсіз шыққан азаматтарға қатысты тіркелген. Электронды білезіктер — жазаны өтеу тәртібін бірнеше рет бұзған, шартты түрде сотталған немесе қоғамдық қауіпсіздікке әлеуетті қауіп төндіруі мүмкін адамдарға қолданылады. Бұл құрал тәулік бойы үздіксіз бақылау жүргізуге, сондай-ақ сот жүктеген шектеулердің орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жыл басынан бері үш сотталған азамат электронды құрылғыны қасақана зақымдау немесе шешіп тастау әрекетімен жауапкершілікке тартылды. Салыстырар болсақ, өткен жылы мұндай жеті дерек тіркелген. Жуырда тағы бір есептегі азаматқа электронды білезік тағылды. Ол пробация қызметінің талаптарын жүйелі түрде орындамаған, сот жүктеген міндеттерден жалтарған. Қазір ол бақылауға алынып, қадағалау құралымен жабдықталды.

— Өзім кінәлімін. Ұрлық жасағаным үшін жауап беріп жатырмын. Құрылғы маған кедергі емес, керісінше тәртіпке келтіріп отыр. Құқық бұзуға ниетім жоқ. Жазамды өтеп, пробация есебінен шығуды қалаймын, — дейді есептегі азамат.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті пробация қызметі алдағы уақытта да сотталғандарды қоғамға бейімдеу, тәртіпке салу және құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмысын жалғастыра бермек.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: