Қызылорда қалалық пробация қызметі Жаңа жыл қарсаңында ерекше игі шара өткізді. Пробация есебінде тұрған көпбалалы аналардың балаларына сыйлықтар тарту етіп, оларға мерекелік көңіл күй сыйлады. Бұл шараның басты мақсаты – балалардың жүрегіне қуаныш ұялатумен қатар, аналарға да қолдау көрсету.
Шара барысында Қызылорда қалалық пробация қызметінің қызметкерлері көпбалалы отбасыларға арнайы барып, балаларға тәттілер табыстады. Жаңа жылдық сыйлықтарды алған бүлдіршіндердің жүзі шаттыққа толып, қуаныштарын жасыра алмады. Ал аналары өз ризашылықтарын білдіріп, осындай жылы шараны ұйымдастырған қалалық пробация қызметіне алғыстарын айтты.
– «Жаңа жыл – баршаға қуаныш сыйлайтын мереке. Әсіресе, балалар жаңа жылды асыға күтеді. Пробация есебінде тұрған азаматтар мен олардың отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетуді әрдайым назарда ұстаймыз. Мерекеге орай көпбалалы аналардың балаларын қуантып, сыйлықтар бердік. Бұл – тек материалдық көмек емес, сондай-ақ рухани қолдау», – дейді қалалық пробация қызметінің бастығы, әділет майоры Фариза Сембаева.
– «Балаларым осындай қуанышқа кенелгеніне шексіз ризамын. Біз үшін бұл күтпеген сый болды. Жаңа жыл қарсаңында балаларыма қуаныш сыйлағандарыңыз үшін пробация қызметіне алғыс айтамын», – деді көпбалалы ана.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!