Жексенбі, 22 желтоқсан, 10:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада пробация есебіндегі сотталған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне қатысты

18.09.2024

294 0

Бүгін Қазалы аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ғимаратында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.
Жәрмеңке барысында Қазалы аудандық прокуратурасының прокуроры Н.Бейбітәлі, Қазалы ауданының Мансап орталығы филиалының Жұмыс берушілермен жұмыс жасау бөлімшесінің басшысы И.Жалиев, Аудандық пробация қызметі бөлімі басшысының міндетін атқарушы Б.Муратбаев және жұмыс берушілер жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бойынша жұмыссыз азаматтарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Яғни, ауданға қарасты 48 мекеме мен жеке кәсіпкерлерден 250 бос жұмыс орындары ұсынылды.
Жәрмеңкеге есептегі жұмыссыз 5 азамат қатыстырылып, нәтижесінде 1 азаматқа тұрақты жұмысқа жолдама берілді.
-Бүгінгі жәрмеңкеден жұмыс тапқаныма қуанып отырмын. Қазіргі заманда ақша табу оңай емес. Отбасымды асырау үшін әр түрлі жұмыстар жасадым.Пробация қызметінің көмегімен тұрақты жұмыс таптым. Жұмысымды тиянақты жасап, отбасыма көмегімді тигізіп, балаларыма жақсы тәрбие беріп, жамандық тан бойымды аулақ ұстайтын боламын, -деді есептегі азамат.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: