Жұма, 29 қараша, 19:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада пробация есебіндегі сотталғандар дойбы ойнаудан сынға түсті

09.08.2024

138 0

Жаңақорған аудандық пробацияқызметімен «Жігер» қоғамдық қорымен ұйымдастыруымен аудандық пробация қызметінің есебіндегі сотталғандар арасында дойбыдан жарыс өтті.
Жарыстың ашылуымен ұйымдастырушылар дойбы спортының ақыл-ойды дамытуға қосар үлесі жөнінде тоқталып, сотталған азаматтарды салауатты өмір салтын насихаттауға шақырды. Сондай-ақ, алдағы уақытта осындай додалар жиі ұйымдастырылып тұратындығын атап өтіп, белсенділік танытып қатысуға шақырды. Бәсекеде пробация есебіндегі 20 сотталған сайысқа түсіп, бақтарын сынады. Жеңімпаздар алғыс хатпен марпатталды.
-Мен бүгінгі жарыста қарсыласымды озып, алғыс хатпен марапатталдым. Мектеп жасынан ойнап жүргеннен маған жарыс аса бір қиын болмады. Негізі спорттық шаралардан қалмауға тырысамын. Осы жарыстың алдында футболдан турнир өткен.Ол жарыста да командамен жүлделі орынды иелендік. Осындай шараларға қатысуымызға ықпал етіп жүрген аудандық пробация қызметкерлеріне алғысым шексіз,-деді есептегі азамат.
Шара соңында психолог маман семинар тренинг өткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: