Жексенбі, 22 желтоқсан, 12:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада пробация есебіндегі тұлғаларды қайта әлеуметтендіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

10.12.2024

64 0

Қызылорда қалалық пробация қызметінің ұйымдастыруымен 4 аймақтық учаскелік пунктте пробация есебіндегі азаматтарды қайта әлеуметтендіру және қылмыстың қайталануын болдырмау мақсатында ауқымды профилактикалық іс-шара өтті. Оған аймақтық пробация инспекторы Н. Қыдырбекқызы, Қылмыстық жазасын өтеген азаматтарды әлеуметтік оңалту орталығының заңгері Ғ. Оразбеков және Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы, майор Р. Бодықов қатысты.
Түсіндірме жұмыстары барысында сотталған азаматтарға бостандыққа шыққаннан кейінгі өмірлерін қалыпқа келтіру жолдары туралы кеңестер берілді. Әлеуметтік оңалту орталығының заңгері Ғ. Оразбеков сотталғандардың құқықтары мен әлеуметтік бағдарламаларға қолжетімділігін түсіндіріп, қажетті құжаттарды ресімдеу, медициналық көмек алу және тұрғын үй мәселесін шешу жолдары туралы ақпаратпен бөлісті.
Сонымен қоса жұмыссыз сотталған азаматтарға бос жұмыс орындары, жұмыспен қамту орталықтарының қызметтері және мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктері таныстырылды. Пробация қызметі жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, сотталған азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге ерекше назар аударып келеді.
Ал учаскелік полиция инспекторы Р. Бодықов сотталғандарға құқықтық тәртіптің маңыздылығын және қайталама қылмыстың салдарын түсіндірді. Кездесу соңында азаматтарға қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша нақты кеңестер берілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: