Дүйсенбі, 20 қаңтар, 14:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№4-2117
18.01.2025
PDF мұрағаты

Қызылордада пробация есебіндегі тұлғаларға семинар тренинг өткізілді

20.01.2025

79 0

Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебінде 600-ге жуық адам есепте тұрады. Оның 70-ке жуығы әйел азаматшалар. Пробация есебіндегі тұрғаларға әлеуметтік, құқықтық көмектер үздіксіз көрсетіліп, әр түрлі бағытта семинар- тренингтер өткізілді.

Бүгінгі семинар тренингтің ерекшелігі тек әйел азаматшаларға арналды. Қалалық пробация қызметінің ұйымдастыруымен Облыстық “Анаға тағзым” орталығында “Отбасы- бақыт мекені” тақырыбында тренинг өтті.

Тренинг барысында қатысушылар отбасылық құндылықтарды сақтау, ана мен бала қарым қатынасы, бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орны туралы психолог мамандармен пікір алмасып, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.
Тренинг соңында “Анаға тағзым” орталығының жұмыс бағытымен, клуб-студияларымен танысып,қыз-келіншектен игілігіне қызмет ететін орталықтың барына алғысын жеткізді.
-Қызылорда қаласында тұрсам да, бұл орталыққа бірінші рет келдім. Бүгінгі тренингтен ерекше әсер алдым. Отбасының қазығы – бала. Баланың тәрбиелі, ақылды болып өсуі тікелей отбасының берекесіне байланысты. Жасаған қателігіме қарамастан, бала тәрбиесіне баса назар аударамын. Бүгін психологтардан құнды кеңестер алып, өзара пікір алмасып, жанымыз жадырап қалды. Осындай шараларды жиі ұйымдастырса, әрдайым қатысуға дайынмын. Бізге қолдау көрсеткен қалалық пробация қызметіне алғысым шексіз, – деді есептегі азаматша.
Бұл шара әйелдердің өмірге деген құлшынысын арттырып, оларға рухани және психологиялық демеу болу мақсатында ұйымдастырылды. Қалалық пробация қызметі мұндай жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыруды жоспарлап отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: