Жұма, 22 қараша, 08:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада пробация қызметінің есебіндегі 32 сотталғанға электронды білезік тағылды

24.07.2022

832 0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің аудандық , қалалық пробация қызметінің есебіндегі сотталғандарға электронды білезіктер тағылды. Электронды бақылау құралы ең алдымен жаза өтеу тәртібін үнемі бұзып, қайта қылмыс жасаған 32 сотталғанға тағылды.


-Қармақшы аудандық пробация есебіндегі А. есімді азаматқа электронды білезік тағылды. Ол әкімшілік аумақтық бірлік шегінен тыс жерге кетіп бірнеше рет жаза өтеу шарттарын бұзған. Ендігі жерде сотталғанды жаза өтеу мерзімі аяқталғанға дейін электронды бақылау құралы арқылы бақылап, күндізгі және түнгі мезгілде қадағалау жұмыстары жеңілдей түспек. Келесі сотталған да Жалағаш аудандық пробация қызметінің есебіндегі азамат ҚР ҚК-нің 120-бабының 1 –бөлігімен сот үкімімен кінәлі деп танылып 3 жыл шартты жазаға сотты болып, пробация есебінде жүріп, тәртіп бұзғаны үшін жаза мерзімі 3 айға ұзартылған . Бұл азаматқа да электронды білезік тағылды. Бұл электронды білезік сотталғандарды бақылау жасауға, тұрғылықты мекенжайын тастап кетпеуге, қайта жасауы мүмкін қылмыстың алдын алуға септігі мол. Білезік тағылған сотталғандарды пробация инспекторлары арнайы планшеттер арқылы бақылайды, егер сотталған жаза өтеу тәртібін бұзса немесе білезікті өздігінен шешуге тырысса дабыл сигналы тәрізді белгі түседі. Білезіктің белбеуі оңайлықпен кесілмейді, ішінде темір сымы бар. Су өтпейді. Қуаты біржарым күнге дейін жетеді. Сотталғанға құралды сымсыз қуаттандыратын арнайы қуат көзі де берілді. Білезікті таққаннан кейін ол жайында ақпарат компьютерде пайда болады. Қайда барғанын, жүргенін бәрін GPRS арқылы көріп отырамыз. Білезіктер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, криминогендік ахуалды жақсартуға септігін тигізеді»-дейді пробация қызметіне басшылық жасау тобының аға инспекторы әділет майоры Сәбигүл Тлеуова.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: