Қызылорда қаласы ЗК- 169/ 1 мекемесінің сәлем- сауқаттарды қабылдау бөлмесіне келген азаматтың ыстық тамағының арасынан тыйым салынған зат анықталды.
Нақтырақ айтар болсақ, ет тамақ ішінен фальга қағазына оралған 1 дана «INOI» маркалы ұялы телефоны мен 1 дана « билайн» сим картасы табылды.
ҚР ҚК- ның 188- бабының 4- бөлігі 3-тармағымен айыпталушы інісіне тыйым салынған затты өткізбекші болған. Бұл азаматқа ҚР- ӘҚБтК-нің 481бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамасы толтырылып, ісі сотқа жолданған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!