Сейсенбі, 24 желтоқсан, 01:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада «Қаңтар оқиғасына» қатысты 72 қылмыстық іс тіркелді

16.02.2022

1272 0

Аймақта «Қаңтар оқиғасы» кезінде орын алған оқиғалар бойынша 72 қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс прокурорының бірінші орынбасары Мақсат Қазиев мәлімдеді.

«Облыс бойынша 72 қылмыстық іс тіркелді. Оның ішінде терроризм актісі бойынша 5 іс, адам өлтіру фактісі бойынша 2 іс, жаппай тәртіпсіздік фактісі бойынша 1 іс, қаруларды жымқыру дерегімен 4 іс, билік өкіліне қатысты күш қолдану бойынша бойынша 4 іс, лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану бойынша 2 іс және басқа фактілер бойынша 54 іс.

Бүгінгі күні оқиға орнын қарап-тексеру барысында 100-ден астам бейнежазба, 83 дана қол-саусақ ізі, 73 дана гильза және басқа да заттай дәлелдемелер алынды. Ұсталғандардан 6 дана атыс қаруы мен 63 патрон тәркіленді. Тергеп-тексеру барысында 960 адам оның ішінде қылмыстық іс шеңберінде 351 адам полиция органдарына жеткізілді. Қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысы бар екендігі бұлтартпас айғақтармен бекітілген 103 адам күдікті ретінде танылды», – деді М.Қазиев.

Айта кету керек, 103 күдіктінің 63-і соттың санкциясымен қамауға алынды. Қалғандарының денсаулық жағдайы мен отбасы жағдайы ескеріле отырып, 40 адамға қатысты бұлтартпау шаралары қолданылды. Прокуратураның бастамасымен 18 күдіктіге қатысты оның ішінде 1 ауыр науқас, 2 көп балалы ана бұлтартпау шарасы негізінде үй қамаққа ауыстырылды. 1 адам негізсіз ұсталуына байланысты уақытша ұстау изоляторынан босатылды.


Сонымен қатар, осы жылдың 10-14 қаңтарында заңсыз акцияларға қатысқаны үшін 131 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 252 адам ұсталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: