Бейсенбі, 26 желтоқсан, 10:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері сертификат алды

30.03.2023

606 0

Мемлекеттік тіл мәселесі – өте маңызды, мемлекеттік мәні бар мәселе. Осы орайда мемлекеттік тілді дамыту, оның қолдану аясын одан әрі кеңейту және мәртебесін көтеру мәселесі бойынша Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменінде және департаментке қарасты мекемелерінде іс-шаралар ұдайы жүргізіледі.
Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №37 мекемесінің қызметкерлері 40 сағаттық «Мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту» курсының В1 деңгейін аяқтады.

Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері сертификат алды

Курсты Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ оқытушысы Таджиходжаева Нұрбану Нұржауқызы жүргізген болатын. Курс барысында тыңдаушылар қазақ тілінің функционалдық қызметінен бастап, оның салалары, жаңа терминдер, іс-қағаздар жүргізу стилі, сөйлеу мәдениеті, ересектерге арналған тренинг, диктант, эссе, жазылым тапсырмаларымен және ресми құжаттарды дайындау туралы білімдерін жетілдірді.

Оқыту курсының соңында 24 қызметкерге Орталық әдіскері Бақытжанова Ақмарал Жалғасқызы сертификат табыстады.

Тыңдаушылар Орталық қызметкерлеріне жылы лебіздерін жолдай отырып, алдағы уақытта орыс тілі, ағылшын тілі курстарын оқуға ниетті екендіктерін білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: