Қызылорда қаласының прокуратурасының ұйымдастыруымен «Құқықтық дәріхана» акциясы аясында ойын-сауық орталығында азаматтарды қабылдау өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – тұрғындарға құқықтық кеңес беру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, тегін заң көмегін қолжетімді ету.

Кездесу барысында азаматтар өздерін толғандырған түрлі құқықтық мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, сала мамандарынан заң талаптарына сәйкес түсіндірмелер алды.
Шара барысында прокуратура, полиция, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, заңгерлер мен адвокаттар тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетіп, сұрақтарына жауап берді.
Құқықтық сауаттылықты арттыру және азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсету мақсатында Қызылорда қаласында «Құқықтық дәріхана» атты ауқымды акция ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында тұрғындарға өзекті құқықтық мәселелер бойынша кеңестер беріліп, заң талаптары түсіндірілді.

Аталған акцияға прокуратура органдарының қызметкерлері, адвокаттар, заң кеңесшілері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып, азаматтардың өтініштері мен сұрақтарын тыңдады. Қабылдау барысында тұрғындар алимент өндіру, еңбек даулары, әлеуметтік төлемдер, жер және тұрғын үй мәселелері, атқарушылық өндіріс, несие міндеттемелері секілді әртүрлі құқықтық мәселелер бойынша кеңес алды.
Шараның негізгі мақсаты – халыққа құқықтық көмекті барынша қолжетімді ету, азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеру және заң талаптарын түсіндіру арқылы олардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауына қолдау көрсету болып табылады.
Құқықтық дәріхана» акциясы аясында тұрғындарға құқықтық жадынамалар мен ақпараттық материалдар таратылып, құқықтық кеңес беру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі, сотқа жүгіну жолдары, құқықтық дауларды шешу тетіктері жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бұл форматтағы кездесулер халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы ашық диалогты қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Азаматтардың құқықтық мәселелерін шешуге бағытталған мұндай қабылдаулар алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізілетін болады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
