Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада қылмыстық- атқару жүйесі департаментінің алдына қойған басты міндеттерінің бірі- сотталғандарды жұмыспен қамту

06.09.2023

537 0

Сотталғандарды еңбекпен тәрбиелеу арқылы олардың түзу жолға түсуіне барынша ықпал жасайды. Еңбек дағдысы – болашақтағы табыс кепілі. Осындай тақырыпта Қызылорда облысы ҚАЖ департаментінің ұйымдастыруымен облыстық Атамекен кәсіпкерлер палатасында дөңгелек үстел өтті. Басқосуға өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Сейтжанов Дәурен Мұзарапұлы, жеке кәсіпкерлер, қылмыстық атқару жүйесі депаратментінің басшылығы қатысып, сотталғандарды жұмыспен қамту мәселесін талқылады.Басқосуды Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет подполковнигі Әбдіқайыров Жүніс Өтегенұлы ашты. Дөңгелек үстелде сотталғандарды жұмыспен қамтуда жеке кәсіпкерлермен қарым –қатынас орнату арқылы көптеген түйткілді мәселелер қаралып, оларды ҚАЖ мекемесінің өндіріс аумағындағы бос ғимараттарға өз кәсіптерін ашуға шақырды.

«Сотталғандар бостандыққа шыққан соң табыс көзін іздейтіні белгілі. Демек оларды жұмысқа тарту мәселесіне бүгіннен бастап көңіл аударғанымыз дұрыс. Осы мәселені шешу үшін біз қолымыздан келгенше тырысып жүрміз, алайда көңіл қуантатындай нәтижеге қол жеткізе алар емеспіз. Осыған орай мен кәсіпкерлерді әріптестік қарым-қатынас орнатуға шақырамын. Жұмыс көздерін ашып,жазасын өтеушілерді жұмыспен қамтыса », – деді өз сөзінде Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары Жүніс Әбдіқайыров.

Қазіргі таңда ҚАЖ департаментінің №37, №60 мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар саны 1000-нан астам адамды құрайды.
60 мекемесінің өндірістік аймағында 10-нан астам кәсіпкер сотталғандарды жұмыспен қамтыса,37 мекемесіндегі жазасын өтеушілерді 30-ға жуық кәсіпкер жұмыспен қамтып отыр.
Басқосуда сөз алған облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелері жөніндегі орынбасары Сейтжанов Дәурен Мұзарапұлы, жеке кәсіпкерлерге берілетін несиелер оларды алу жолы түсіндіріп өтті.
Жиын барысында жеке кәсіпкерлер тарапынан ҚАЖД басшылығына , Атамекен кәсіпкерлер палатасына сұрақтар қойлып, заң шеңберінде жауаптары берілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: