Бейсенбі, 26 желтоқсан, 18:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада Рамазан айында пробация есебіндегі сотталғандарға қайырымдылық көмек көрсетілді

17.04.2023

525 0

Рамазан- қайырымдылық пен береке айы. Қасиетті Рамазан айында Шиелі аудандық пробация есебіндегі екі сотталғанға аудан кәсіпкері қайырымдылық көмек берді. Аудандық пробация қызметінің қызметкерлері мен кәсіпкер азамат бірінші кезекті қажетті азық-түліктер: ұн, май,қант, шәй секілді заттарды алып, сотталғандардың отбасыларына барып, қасиетті Рамазан айымен құттықтап, алдағы уақытта да көмек беретіндігін жеткізді.
-Мүмкіндігінше тұрмыс жағдайы төмен, көпбалалы, мұқтаж жандарға көмектесіп, қол ұшын созып тұрамын. Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің,-дейді қазақ халқы. Қасиетті айда игі амалдарды көбірек жасап, сауапты іске үлес қосайық»,-деді кәсіпкер азамат.
-Пробация есебіндегі сотталғандарға әлеуметтік –құқықтық, психологиялық, медициналық, қайырымдылық көмектер жиі көрсетіледі. Профилактикалық әңгімелесу барысында оларға қоғамдағы көпшілікпен бірдей орны бар екені, қайта қылмысқа барудың қауіптілігі, түзу жолға түсіп өзін-өзі, қоршаған ортасын, қоғамды дамытуға мүмкіндіктерінің бар екені туралы түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Пробация есебіне алынған әрбір азаматтың тұрмыс жағдайын зерделеп, қажетті көмек түрлерін береміз. Жыл басынан 8 сотталғанға медициналық, 15 сотталғанға психологиялық көмек көрсетілген. Төрт сотталған аудан әкімдігінің квотасымен жұмысқа орналастырылды.Қайырымдылық шаралар да мұнымен шектеліп қалмайды,- деді аудандық пробация қызметінің бастығы Қ. Байкенжеев.
-«Жаза басып, қателік жасадым.Қателігімді жөндеуге өмірден өз орнымды табуыма пробация қызметкерлері көмек көрсетуде. Міне, бүгін қайырымдылық жасап, азық-түлік әкеліп берді. Осындай көмек үшін пробация қызметкерлері мен кәсіпкер азаматқа алғысымды білдіремін»,- деді пробация есебіндегі азамат.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: