Ағымдағы жылдың тамыз айының 15-22 аралығында Республикалық «Пробация» атты жедел профилактика іс шарасы өтті. Қызылорда қалалық, аудандық пробация қызметі, прокуратура өкілдері, қалалық полиция басқарамасымен және әлеуметтік бейімдеу орталығы қызметкерлерімен бірлескен мобильді топ құрылды. Есепте тұрған тұлғаларға тұрғылықты мекенжайлары бойынша бірлескен тексерістер жүргізілілді.
Іс шараның мақсаты пробацияда есепте тұрған адамдардың жаңа құқық бұзушылықтар жасауын алдын алу.
Қазіргі уақытта Қызылорда аудандық, қалалық пробация қызметі тобының есебінде 1000-ға жуық адам тіркеуде тұр. Тексеріс барысында инспекторлар есептегі тұлғаларға сот жүктеген міндеттерді орындауды және қылмыстық, әкімшілік құқықбұзушылықтар жасамау керек екендігін қатаң ескертіп,олармен профилакткалық сұхбаттар жүргізді.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Пробация қызметіне басшылық жасау тобының бас маманы әділет майоры Ғаламат Құлмановтың айтуынша сотталғандар іс-шарада барысында есептегі тұлғалардың мекенжайынан тексеру жұмыстары жүргізілді.Іс-шара кезінде қайталама қылмыс жасауға, алкогольдік ішімдік ішуге, отбасылық тұрмыстық жанжалға бейім тұлғалар қадағаланып, прокуратура өкілдерімен, учаскелік полиция инспекторларымен тығыз байланыста жұмыстар атқарылды. Профилактикалық шара нәтижесінде есептегілермен 57 жаза өтеу тәртіптері мен шарттарын бұзғандар анықталды.Тексеру кезінде мекежайында болмаған 39 сотталғанға «ескерту» шарасы берілген, 19 сотталғанның бас бостандығынан шектеу жазасы бас бостандығынан айыруға ұсыным жолданды. Әкімшілік құқықбұзушылықтар жасаған 7 сотталғанға әкімшілік хаттама толтырылды,- деді әділет майоры Ғаламат Құлманов.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!