Бейсенбі, 21 қараша, 18:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада шатырдан түсіп банк терминалын тонамақ болғандар ұсталды

17.03.2021

1460 0

Қызылорда облысындағы Жалағаш ауданының орталығында екі ер адам дүкен ішінде тұрған банк терминалын бұзып жатқанда қолға түсті.

Түн ортасында Жалағаштағы дүкен ішінде адамдардың жүргені туралы аудандық ішкі істер бөліміне хабар түскен.

«Тәртіп сақшылары оқиға орнына барғанда дүкен ішіндегі Kaspi Bank терминалын «болгаркамен» кесіп жатқан екі адамды ұстады. Күдіктілер өздерімен бірге электрлі бұрғы мен тістеуік сияқты құрал-саймандарды алып, шатыр арқылы кіргені анықталды», – делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі мен 188-3-баптың 3-бөлігі (ұрлық әрекеті) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазіргі кезде 42 және 34 жастағы қос күдікті тергеу абақтысына қамалды.

sputnik.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: