Жексенбі, 24 қараша, 09:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада «синтетика» таратушы 10 жылға сотталды

20.08.2024

174 0

Сот синтетикалық есірткі затын таратқан 20 жастағы қызылордалыққа үкім шығарды.
Күдіктіні ағымдағы жылдың ақпан айында облыс орталығындағы мөлтек аудандардың бірінде қызылордалық полицейлер құрықтады.

Жүргізілген жедел шаралар барысында одан 10,53 гр психотроптық заттар алынған, бұл үлкен мөлшердегі синтетикалық препараттарға жатады. Ұсталған жас жігіттің айтуы бойынша, ол мобильді қосымша арқылы тапсырыс қабылдап, синтетиканы қала ішіндегі белгілі бір жасырын жерлерге салып отырған.
Сотта айыпталушы өзінің кінәсін мойындады. Ол кінәлі деп танылып, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: