Жұма, 29 қараша, 00:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада сотпен тыйым салынған экстремистік ұйым белсендісі құрықталды

20.10.2021

596 0

Қызылорда облысы Полиция департаментінің және Ұлттық қауіпсіздік департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, «Таблиғи жамағат» діни экстремистік ұйымының жақтасы, 48 жастағы облыс тұрғынына қатысты жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілді.

Нәтижесінде, азамат «Д» сотпен тыйым салынған діни экстремистік ұйымының шарттары мен дәстүрлерін ұстанып, оның қызметін ұйымдастырып, жақын діни байланыстарына діни алауыздықты қоздыратын және діни экстремистік деп танылатын ақпараттарды үйрете отырып насихаттаған.

Сонымен қатар, діни экстремистік ұйымының жиындарын қала аумағында ұйымдастырып, жасырын уағыздар жүргізгені анықталды.

Арнайы іс-шаралар материалдарын талдау барысында, азамат «Д»-ның іс-әрекеттерінде құқық бұзушылықтың белгілері байқалғандықтан, оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 405-бабының 1-бөлігімен (Қоғамдық немесе діни бірлестікке не өзге де ұйымға қатысты олардың экстремизмді немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты қызметіне тыйым салу немесе тарату заңды күшіне енген сот шешімі бола тұра, олардың қызметін ұйымдастыру) сотқа дейінгі тергеп – тексеру жұмыстары жүргізілді.

Қызылорда қалалық сотының 20.09.2021 жылғы Үкімімен азамат «Д» кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына жауапкершілікке тартылып, пробациялық бақылауға алынды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: