Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде психолог маманының ұйымдастыруымен «Өрмекші» терапиясы өтті.
Бұл шара, сотталған азаматтардың бір-біріне деген жақындығы мен сыйластығын арттырып, ауызбіршіліктерін нығайту мақсатында ұйымдастырылды. Сондай-ақ, тренинг барысында шаруашылық қызметіне қалдырылған жазасын өтеуші азаматтар арнайы контингенттер арасындағы әлеуметтік психологиялық және тәрбие жөніндегі жаңа бастығы Сейдахметов Серік Асылбекұлы мен танысты.
Серік Сейдахметов алдағы уақытта ауқымды іс-шаралар ұйымдастырып, сотталғандар арасында белсенділікті нығайтатынын жеткізді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!