Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде АКАӘПТЖББ-нің теолог маманы әділет аға лейтенанты Рузиев Рашидтың ұйымдастыруымен оқшауланған аймаққа қалдырылған сотталған азаматтар арасында тенис ойыны өткізілді.
Спорттық іс-шараға «Асыл мұра орда қоғамдық қоры» арнайы шақыртылып тенис ойынын ойнаған жазасын өтеуші азаматтарға доп, тенис таяқшасы мен фудболка сыйға тарту етті.
Ойын барысында сотталған азаматтар екі топқа бөлініп, бір-бірімен бәсекеге түсті. Жеңіске жеткен топ өз сыйлықтарын қуана қабыл алды. Сонымен қатар, оқшауланған аймаққа қалдырылған сотталған азаматтарды жаңа өмірге қайта бейімдеу мақсатында мекеменің теолог мамандары жүйелі жұмыстар атқаруда. Тенис ойындарынан бөлек, қақпа алдында кездесу әлеуметтік іс-шарасы және қалалық мешіт имамдары мен де тұрақты кездесулер өткізілуде.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!