Сенбі, 21 желтоқсан, 19:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада сотталған азаматтарға психологиялық жұмыстар жүргізілуде

20.08.2024

149 0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде сотталғандарға психолог маман тренинг жұмыстарын тұрақты түрде ұйымдастырып келеді.
Сотталған азаматтардың өмірге деген көзқарасын дамыту, олардың өздеріне деген сенімділікті нығайтуға бағыт – бағдар беру мақсатында психолог маман Ақгүл Аманова екі сотталғанға психологиялық жаттығулар мен  психодиагностикалық зеттеу жұмыстарын жүргізді. 
Жазасын өтеушілер өз ойларын ортаға салып, жасаған қателіктеріне өкініп, бостандықтың қадірін кеш түсінгендерін жеткізді. Сондай ақ гербарий әдісі арқылы қарақұмықтан,күріштен әр түрлі кескіндер салды.
 «Бүгін психологтың қабылдауында болып, бойымда өз-өзіме деген зор сенімділік пайда болды. Біз сияқты жаза басып, жаңылған азаматтарға психологтың көмегі керек. Өзім абайсызда жол көлік оқиғасын жасап,жазамды өтеп жүрмін. Алға қойған мақсатыма жету жолында барынша еңбектеніп, талпынып, отбасыма, айналама пайда келтірер азамат болуға деген сенімім артты»,- есептегі сотталған.
«Сот үкімімен мекемеге жазасын өтеуге жіберілген әрбір азаматпен келген күннен бастап үздіксіз жұмыс жасаймыз. Психологиялық көмек, түрлі тренингтер өткіземіз. Шалыс басып, темір торға тоғытылған жандармен психологиялық  жұмыстар жасау барысында өмірге деген көзқарастары өзгеріп, болашаққа сеніммен қарай бастайды. Бұл жерде жазасын өтеп жатқандардың да тағдырлары да әр түрлі. Көбіне абайсызда жол-көлік оқиғасын жасағандар жазасын өтейді. Мекемедегі жазасын өтеушілердің барлығына бірдей қарап, көмек көрсетеміз.Түрлі терапиялық жұмыстарды жүргіземіз.Олар өздерінің не сезініп тұрғанын түсінбейді және оны сөзбен сыртқа шығара алмайды. Осының себебінен айналасындағылармен қарым-қатынас құруы қиындайды.Сондықтан үздіксіз жұмыстар жүргіземіз»,- дейді мекеменің психолог маманы Ақгүл Аманова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: