Сәрсенбі, 29 қазан, 19:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82,2194
29.10.2025
PDF мұрағаты

Қызылордада сотталғандар арасында спорттан турнир өтті

29.10.2025

45 0

25 қазан – Республика күні сотталғандар арасында спорттан турнир өтті. Турнир Қызылорда облыстық Прокуратурасы, Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен «Жігер» Қызылорда облысы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен №60 мекеменің спорттық алаңында өтті.


Қызылорда облыстық прокуратурасының үкімдердің орындалуын қадағалау басқармасының бастығы Азамат Баянбайұлы шараның алғы сөзін сөйлеп, жарысқа қатысушыларға спартакиаданы ашып берді. Сотталғандар гір көтеру, қол күрес (армрестлинг), шахмат және шағын футбол спорт түрлері бойынша сайысты.

Қызылордада сотталғандар арасында спорттан турнир өтті
Қызылордада сотталғандар арасында спорттан турнир өтті


Спорт – денсаулық кепілі. Қазіргі заманда спорттың қай түрі болмасын маңызды. Команда болып жарысу тек жеңіске қол жеткізу ғана емес, достық пен өзара түсіністікті қалыптастыратын тәсіл. Тартысты ойын өтіп, шағын футболдан №5 жасақтан құрылған «Алға» командасы топ жарса, №3 жасақтан «Қыран» командасы ІІ-орын, №6 жасақтан «Жастар» командасы ІІІ-орынға жайғасты. Өз командасын жеңілістен қорғаған «Үздік қақпашы», «Үздік ойыншы», «Үздік қорғаушы»-да анықталды.

Қызылордада сотталғандар арасында спорттан турнир өтті
Қызылордада сотталғандар арасында спорттан турнир өтті


Білек күшімен бақ сынап, ұшқыр оймен сайысқандар арасынан да жүйіктер табылды. Сайыс соңында жеңімпаздарға кубоктар мен медальдар табысталып, Қызылорда облыстық спорт және туризм басқармасы мен «Жігер» Қоғамдық бірлестігінің атынан арнайы дипломдармен, бағалы сыйлықмен марапатталды.

Төлеп Рәпіш
ҚАЖД №60 мекеменің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: