Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеуші азаматтар балаларына жаңа жылдық сыйлық дайындады.
Мәселен Ғ.О есімді азамат қызына өз қолымен жасаған ас үй жабдығын тарту етпек.
«Қыз балаға қандай сыйлық ұсынсаңда балаша қуанатын нәзік жаратылыс иесі ғой. Сондықтан менде қызыма осы бұйымды арнайы жасадым. Оның қуанышы мендегі қиындықты жеңілдетеді», – дейді ол.
Ал сотталушы С.Қ болса оқушы ұлына домбыра жасады.
«Ұлым домбыра үйірмесіне қатысатын. Кішкене күнінен ұлттық аспапқа ерекше қызығатын болған соң жаңа жылына соны сыйға тартқым келді. Бұл жер маған жақыныңды бағалауға үйретіп жатыр. Бала қуанса ата-ананың жігері тасиды. Сол үшін бала көңілі ортаймаса екен», – дейді С.Қ.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!