Сейсенбі, 14 қаңтар, 00:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№2-2115
11.01.2025
PDF мұрағаты

Қызылордада сотталғандар білім алды

13.01.2025

98 0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Арал аудандық пробация қызметі мен аудандық Мансап орталығы бірлесіп, сотталғандарға қоғамға қайта бейімделуге және сұранысқа ие кәсіп меңгеруге көмектесу мақсатында қысқа мерзімді оқыту ұйымдастырып жатыр.

Пробация есебіндегі 10 сотталған Арал индустриалды-техникалық колледжінен 72 сағаттық электрогазбен дәнекерлеуші мамандығы бойынша білім алып, арнайы сертификаттарға ие болды. Бұл тек білім ғана емес, сонымен қатар жаңа өмірге бастар жол болмақ. Арал аудандық пробация қызметінің есебінде қазіргі уақытта 60-қа жуық азамат бар. Оларға әлеуметтендіру бағытында жүйелі түрде қолдау көрсетіліп, білім алу, жұмысқа орналасу және қоғамда өз орнын табу үшін түрлі іс-шаралар жүзеге асырылуда.

– Осындай бастамалардың арқасында қоғамнан шет қалған азаматтар қайтадан өз өмірін жаңа қырынан бастауға мүмкіндік алып жатыр. Сотталғандарды әлеуметтендіру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады, – дейді Арал аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Ерболат Жарасов.

– Білім алу ешқашан кеш емес. Бұл оқу барысында тек теориялық білім ғана емес, тәжірибе де алдық. Қазіргі нарықта сұранысқа ие мамандықтардың бірі – дәнекерлеуші болғандықтан, осындай мүмкіндікке ие болғаныма қуаныштымын. Енді осы алған біліммен жұмыс жасап, отбасымды асыраймын. Мамандық игеруімізге мүмкіндік жасаған пробация қызметі мен Мансап орталығына алғысым шексіз, – дейді есептегі азамат.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: