Сейсенбі, 16 шiлде, 21:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада сотталғандар туған-туыстарымен кездесті

16.07.2024

36 0

Бүгін 18 шілде-Халықаралық Нельсон Мандела күніне орай, Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 37 мекемесінде сотталғандардың туған-туыстарына арналған ашық есік күні өтті.Мекеме қызметкерлері ашық есік өткізудің мақсатымын таныстырып, мекеме аумағына экскурсия ұйымдастырды. Ашық есік күніне бірінің анасы, енді бірінің жұбайы, кейбір жазасын өтеушілердің аға-інілері келді. Олар жазасын өтеушілердің жатын орындарынан бастап, асхана,кітапхана,жуыну бөлмелерін аралап көрді.Сотталғандар туған туыстарымен кездесіп, қал- жағдайларын сұрасып жатыр. Жазасын өтеушілердің туған туыстары да көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып жатса, енді бірі осындай кездесу ұйымдастырған мекеме әкімшілігіне алғысын жаудырып жатыр.
Алғыс айтқан ананың баласы осы мекемеде жазасын өтеп жатыр екен.Ұлы абайсызда жол көлік оқиғасын жасап, сот үкімімен бас бостандығынан айырылған.Ана баласы үшін отқа да суға да түседі демекші жағдайын өз көзіммен көруге келдім деп көзіне жас алды 70 жасты алқымдаған кейуана.
Ұлым қанша жаста болса да мен үшін әлі бала. Сүрінбейтін тұяқ,жаңылмайтын жақ жоқ демекші, балама аналық ақылымды айтуға келдім. Маңдайыңа осы жерде болу жазса қайтеміз енді, шүкір жағдайын көзбен көрдім. Жазасын өтеп,аман есен ортамызға отбасына оралсын дейміз.Күнделікті телефон арқылы сөйлесіп тұрғанымызбен, көзбен көру бір бөлек. Ер жігіттің басына не келіп,не кетпейді деп ұлыма шыдамды,сабырлы бол жақсы күндерің алда деп ақылымды айттым. Осындай іс-шараны ұйымдастырылған мекеме әкімшілігіне аналық алғысым шексіз,- деді сотталғанның анасы.
Мекемеде мұндай іс-шаралар тоқсан сайын өткізіліп тұрады.Жаза басып жаңылған азаматтарды түзетуге оң әсерін тигізіп, туған туыстарымен байланысты қалыптастыруға көмектеседі. Бүгінгі шарада жазасын өтеушілердің ата аналары, туған туыстары олардың тұрмыстық жағдайымен танысты – деді мекеме бастығының орынбасары әділет подполковнигі Өмірзақ Сейдахметов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: