Жұма, 27 желтоқсан, 06:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада сотталғандар ұлттық ойыннан сынға түсті

21.11.2024

260 0

Қылмыстық-атқару саласына қарасты №68 мекемесінде шаруашылық қызметіне қалдырылға
сотталғандар арасында спорттық іс-шара өтті. Мекеменің тәрбие бөлімі ұйымдастырған бұл шараны Қызылорда облыстық спорт басқармасымен бірлесіп өткізді. Онда спорт саласының мамандары төрағалық етті. Жазасын өтеушілер асық ату, ләңгі теуіп жарысқа түсті. Жарыс қызық әрі тартысты өтті. Сотталғандарды көтермелеу мақсатында марапаттаулар болды.

– Бұл жарысты қылмыс жасаған азаматтарды түзелу жолына бағыттау мақсатында өткізіп отырмыз. Бас бостандығынан айырылған азаматтардың ой-өрісін психологиялық тұрғыда тәрбиелеу және еңбекке баулу мен әртүрлі спорттық шараларға жиі қатыстырып тұрамыз. Өйткені спорттық іс-шараларға қатысқан сотталғандар темір торда телміріп отыра бергенше, әртүрлі қимыл қозғалыстарға түскенде, бойларына қан жүгіріп, санасы сергіп, бостандықтағы мақсаттарына деген талпынысы артады, – дейді бөлім бастығы Азат Батырбеков.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: