Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесіндегі жазасын өтеуші сотталғандардың қолдарымен жасалған бұйымдарымен таныстыру және жеке кәсіпкерлерге көрсету арқылы кәсіпкерлердің назарын мекемеге аудару мақсатында көрме өткізілді.
Көрмеге арнайы сотталғандарды жұмыспен қамтып отырған жеке кәсіпкерлер және Қызылорда облысытық ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Есенкелдиев Шаймерден Тәжіқұлұлы, Қызылорда облыстық прокуроры Ожаров Ризабек Кәрімұлы және мекеме басшылығы, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы, облыс әкімшілігі қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ «Арсен» , «Жағыппар», «Арғымақ», «Мағжан» , «Назерке», «Сарман», «Әділет», «Сұлтан» , «Ас-ка», «Тұрдалы», «EST-kzo», «Сманов» жеке кәсіпкерлерінің өкілдері де келіп , түзеу мекемесіндегі сотталғандардың жасаған бұйымдарымен танысты.
Көрменің тиімділігі жеке кәсіпкерлердің шығарған өнімдерін кеңінен насихаттап , тұтынушылар назарына ұсыну , сонымен қатар көрмеге келген жергілікті атқарушы органдар мен кәсіпкерлер қалаған бұйымдарына тапсырыс беруге мүмкіндік алды. Сонымен қатар жаңадан жұмыс көзін ашу үшін қызығушылық танытып, ой-пікірлерімен бөлісті.
Көрме барысында ҚАЖД бастығы әділет полковнигі Шаймерден Есенкелдиев алдағы уақытта жұмыспен қамтылған сотталғандардың санын арттырып, жаңа жұмыс көзін ашу мен кәсіпкерлік субьектілерге қосымша сотталғандарды жұмысқа орналастыру бағытында жұмыстар атқарылып келеді – деді .
Бүгінгі таңда ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде 300 -ге жуық сотталғанды 12 жеке кәсіпкер жұмыспен қамтып отыр. Мұндай көрмелер алдағы уақытта да ұйымдастырылатын болады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!