Жеке куәліктің болмауы сотталғандардың бірқатар құқықтарын қиындатады. Сондықтан да арнайы есепке алу бөлімінің қызметкерлері сотталғандарды құжаттандыру мәселесін бірінші кезекте қояды. ҚАЖ мекемелерінен босатылғаннан кейін алынған жеке басының куәландыру құжатымен тұрғылықты мекенжайына барып тіркеліп, жұмысқа орналасады немесе денсаулық жағдайын байланысты жергілікті емханаларға тіркеуге алынады. №60 мекемесінде жазасын өтеп жүрген 10 жылға сотталған азамат жеке куәлігін бостандықта жүргенде жоғалтып алған. Арнайы есепке алу бөлімінің қызметкерлері сотталған азаматтың жеке басын куәландыратын құжатының жоқ екендігін анықтап, Қызылорда қалалық көші-қон қызметінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, құжаттандыру жұмыстарын жасап бердік,- дейді мекеменің арнайы есепке алу бөлімінің бастығы әділет майоры Назерке Молдағалиқызы.
Мен жеке куәлігімді алатыныма қуанып отырмын. Бостандықта жүрген кезімде жеке куәлігімді жоғалтып алған болатынмын. Жеке куәлік алу үшін мекеме қызметкерлерінің көмегімен өтініш жаздым. Жеке басыңды анықтайтын құжатың болмаса қиын. Жазамды өтеп шыққан соң жұмысқа орналассам да, медициналық мекемеге тіркеуге ЖСН болмағандықтан тіркеле де алмайсың. Мекеме қызметкерлеріне алғысым шексіз,-деді сотталған азамат.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!