Жексенбі, 01 қыркүйек, 17:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№69-2079
30.08.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада сотталғандарға білім күніне «Мектебім-мейірім мекені» шарасы өтті

01.09.2024

37 0


Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде орта білімі жоқ 19 сотталғанға арналған іс-шара өтті . Оқу сыныптарының бірінде өткен салтанатты жиын білім күніне арналған шарамен басталды. Қызылорда қаласының жалпы білім беретін кешкі мектеп директоры Өтегенов Бағдат Қонысбайұлы мен пән мұғалімдері білім алушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап,ізгі тілектерін білдірді. Сапалы білім алу – сотталғандарды түзеу жолындағы іргелі негіз. Мекемеге жазасын өтеуге келген сотталғандар арасында оқи және жаза алмайтын жағдайлар жиі кездеседі. Қазіргі уақытта мекемедегі орта білімі жоқ 19 сотталған 8, 9, 10 және 11-сыныпта оқитын болады,-дейді мекеме бастығының орынбасары Өмірзақ Нағашыбекұлы.
«Жастықпен шалыс басып, орта білім ала алмадым.Абайсызда жол көлік оқиғасын жасап, 5 жылға бас бостандығынан айырылдым. Енді міне жазамды өтеп жатырмын. Сотталған соң болашағымды көп ойлайтын болдым. 11 сыныпта оқитын боламын.Жазамды өтей жүріп, орта білім де алып, аман есен оқуымды бітіріп аттестат алсам деймін.Жаңа оқу жылында өзім сияқты білім алушыларға сәттілік тілеймін «,- деді сотталған азамат.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: