Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №68 мекемесінде тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен шаруашылық бөлімінде қалдырылған сотталғандарға іс –шара өтті. Іс- шараға Ә.Тәжібаев атындағы ғылыми-әмбебеп кітапханасының қызметкерлері «Дін және тарих тағылымы» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.
Бұл шараның негізгі мақсаты – сотталғандарға рухани азық беріп, олардың ішкі дүниесін байыту, әрі қоғамға қайта оралуға дайын болуға көмектесу.
Кітапхана қызметкерлері көрмеде ұсынылған кітаптармен таныстырып, дін мен тарихтың терең философиялық мәні мен қоғамдағы рөлі және діннің, тарихтың адам өміріндегі маңызын, сондай-ақ тарихтың әрбір кезеңіндегі маңызды оқиғалар мен тұлғалар туралы айтып өтті.
-Бүгінгі шарада дін және тарих тақырыбында жаңа кітаптармен таныстыра отырып, осы кітаптар туралы ақпарат берді. Жазамызды өтеп жатқан мекемеде кітапхана бар. Кітапханадағы кітаптар жаңартылып тұрады. Бос уақытымда кітапханаға келіп, әдеби кітаптар жаздыртып алып оқимын. Кітап оқу арқылы ой –өрісің кеңейтіп, рухани білімің де артады. Оқыған кітаптарым өмірге деген көзқарасымызды өзгертуге септігін тигізуде,-дейді сотталған азамат.
Рухани шарадан жақсы мағұлматтар алған сотталғандар ұйымдастырушыларға алғысын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!