Қызылордада № 60 мекемесінде психолог мамандары жазасын өтеушілер арасында психологиялық тренинг өткізді.
Қазақстан Республикасы қылмыстық -атқару жүйесі мекемелерінің психология қызметтерін жетілдіру бойынша және сотталғандарға, сонымен қатар ұзақ мерзімге жазаға тартылғандарға психологиялық көмек беруді күшейтудің іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар атқарылуда.
20.05.2025 жылы мекеменің психологиялық қамтамасыз ету тобының психолог мамандары сотталған азаматтар арасында «Бостандыққа психологиялық дайындық» тренинг сабағы өткізілді.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты жазасын өтеуші азаматтарды бостандықтағы өмірге дайындау болып табылады. Шара барысында «Мен бұл өмірде не үшін жауаптымын?», «Өз өмірлік құндылықтарыңызды анықтау» жаттығуы өткізілді.
Сонымен қатар психологиялық қолдау көрсетілді.
Қорытындылау барысында шеринг әдісі қолданылды.
Наргиза Рамазанова
Қызылорда облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!