Қайырымдылық – адамгершіліктің ең ізгі көріністерінің бірі. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №68 мекемесінің ұжымы бұл игі істі өздерінің дәстүріне айналдырған. Бүгін мекеме қызметкерлері көмекке мұқтаж екі отбасыға азық-түлік түрінде қайырымдылық көмек көрсетті.
– Қайырымдылық жасау үшін бай болу міндетті емес, ең бастысы – жүректегі мейірімділік пен жанашырлық. Біз мекеме ұжымы ретінде бұл игі істі тұрақты түрде жалғастырып келеміз және алдағы уақытта да көмек көрсету дәстүрін жалғастырамыз, – дейді кадр саясаты тобының аға инспекторы Шахи Динара.
Қызметкерлердің бастамасы – қоғамдағы ізгілік пен жанашырлықты насихаттаудың жарқын үлгісі. Олар мұндай игі істердің адамдар арасындағы бірлік пен өзара қолдауды нығайта түсетініне сенімді. Қайырымдылық шарасы алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!