Сейсенбі, 26 қараша, 13:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада төлем терминалынан 1,5 млн теңге ұрлаған күдікті ұсталды

08.08.2021

666 0

Қызылорда облысында төлем терминалын бұзып, одан 1,5 миллион теңге ұрлаған күдікті ұсталды.

Қызылорда облысы Арал ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын белгісіз біреулер аудандағы базардың ішінде тұрған терминалды бұзып, ақша ұрлағаны жөнінде арызданды.

Келген шығын – 1 млн 523 теңге.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Онда ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру жағдайы көрсетілген.

«Жедел-іздестіру жұмыстары барысында 30 жастағы жергілікті тұрғын қолға түсті. Одан заттай дәлелдеме ретінде ұрланған 1 млн 523 мың теңге ақша алынды. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қол хат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Оның басқа да ұрлық қылмыстарына қатыстылығы тексерілуде», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Еске салсақ, Қызылордада жасөспірім қызға азғындық әрекет жасаған күдікті ұсталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: