Қызылордада қылмысқа күдікті ретінде ұсталғандар уақытша ұстау абақтысында емін-еркін, өзіне жайлы камераны өзі таңдап жүре беретін сияқты. Әлеуметтік желіде пара алды деп күдікке ілінген полиция басқармасы басшысының орынбасары өзіне отыратын камераны шыр айналып іздеп жүр деген бейнежазба тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.
Желіде тараған жазбада екі азамат уақытша ұстау изоляторының дәлізінде әр камераның есігін бір ашып жүр. Құдды бір ыңғайлы камераны күдіктінің өзі таңдап жүргендей.
Бұл көріністегі полицейдің қасындағы жан жақында ғана пара алды деп күдікке ілінген ішкі істер басқармасы басшысының орынбасары делінген ақпарат желіде тарады.
Бірақ полиция департаменті шендінің күдікті ретінде ұсталғанын растағанымен, видеодағы азаматтың кім екені әлі белгісіз екенін айтады. Қазіргі кезде осыған қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!