Жексенбі, 22 желтоқсан, 12:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада түзеу мекемелерінде 28 сотталған кешкі мектепте білім алса, 75 сотталған колледжде оқиды

15.09.2021

813 0

Қазір шыны керек түзелемін деген адам үшін біраз жағдай жасалған. Орта білімі болмаса, арнайы кешкі мектеп бар, тек ниет болса болғаны. Түзеу мекемесінде жазасын өтеп жүрген азаматтар да орта білім алуға міндетті. «Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2014 жылғы 18 тамыздағы №516 бұйрығында сотталғандарға негізгі орта,бастауыш, жалпы орта білім, техникалық және кәсіби білім алу туралы көрсетілген. Оның ішінде 30 жасқа дейінгі сотталған азаматтар орта білім алуға міндетті деп көрсетілген.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелерде жазасын өтеп жүрген орта білім жоқ 28 сотталған 2021-2022 оқу жылында орта білім алуға өтініш берді. Оларға қазіргі таңда кешкі мектеп мұғалімдері офлайн форматта білім беруде. Мекеменің ішкі күн тәртібіне сәйкестендіріп, сотталғандардың сабақ кестесі құрылып,оқу жоспарына сәйкес, білім алады.ЗК-169/4 мекемесінде 8 сотталған , ЗК-169/5 мекемесінде 20 сотталған азамат орта білім алып жатыр. Олар белгілі бір себептермен орта білім ала алмай қалған сотталғандар. «Өмір болған соң қиындығы мен қызығы қатар болады. Жас болдық, мектепте де оқымадым. Бірде барамын, бірде бармаймын. Сөйтіп жүріп жаза басып жаңылып істі болдым. Түзеу мекемесінде жазамды өтеп жатырмын. Жоғары білім алу үшін бірінші орта мектепті бітірген аттестатым болуы керек екендігін біліп, өтініш бердім. Кешкі мектеп мұғалімдері білім беріп жатыр. Бір жағынан жазамды өтеп, екенші жағынан білім алып, аттестат алсам, бостандыққа шыққан соң жоғарғы оқу орнына түсуіме мүмкіндігім бар» ,-деді сотталған азамат.

Мұның барлығы аяқтарын шалыс басқан жандарды түзу жолға қойып, бостандықта өз жолын табуға мүмкіндік жасау.

Ал ЗК-169/5 мекемесінде келісім-шарт негізінде Қызылорда политехникалық колледжі мен Қызылорда сервис және бизнес колледжі колледж жұмыс істейді. 2020-2021 оқу жылында «тігінші», «ағаш ұстасы», «электр жәнегазбен дәнекелеуші» мамандықтары бойынша 70 сотталған оқып, диплом алды. Осы колледждерде 2021-2022 оқу жылында 50 сотталған «Ағаш ұстасы және паркет жұмыстарының шебері», «Құрылыс және әрлеу жұмыстары» мамандықтары бойынша 10 ай білім алса,25 сотталған «Техник-механик» мамандығы бойынша 1 жыл 10 ай білім алады. «Колледжді тәмамдап, диплом алған сотталғандар мамандықтары бойынша мекеменің өндірістік аймағындағы тігін цехында жұмыс істеуге мүмкіндігі бар. Босатылған соң алған білімін кәдеге жаратып, мамандығы бойынша жұмыс жасауына да болады. Жуырда мекемеден тігінші мамандығын алып, бостандыққа шыққан азамат жеке кәсіпке бет бұрды. Білімін жетілдіріп, мемлекет тарапынан беріліп жатқан мүмкіндіктерді пайдаланып, жеке тігін

цехын ашты. Түзеу мекемесінде алған мамандығы кәдесіне жарады. Сотталғандарды түзелу жолына түсіру үшін мекеме әкімшілігі жұмысқа орналастыру және білім беру жұмыстарын жүйелі жүргізіп отыр»,-деді мекеме бастығының орынбасары әділет подполковнигі Ж.Ауешов.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: