Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталған қалыңдығымен заңды некеге тұрды. Жазасын өтеуші Ақтөбе қаласының тұрғыны. Ол ұрлық жасағаны үшін сотты болып, ЗК-169/5 мекемесіне жазасын өтеуде. Қалыңдығы да Ақтөбе қаласынан. Танысып, араласып жүргенде бұл азамат сотты болған. Сотталған азамат қалыңдығымен заңды некеде тұру үшін өтініш берген. Мекемеге АХАЖ қызметкерлері сотталған азаматқа келіп неке қию туралы куәлігін табыстады.
«Бүгін мен үшін, ең бақытты күн. Өзім ұнатқан қызбен некеге тұрдым. Бұл үшін мекеме қызметкерлеріне алғысымды білдіремін»- деп, қуаныштан толғанып тұрған жігіт өз лебізін қысқаша қайырды.
Мекеменің заң тобының маманы Майлыбай Гүлфариданың айтуынша жыл басынан 15 азамат заңды некеге тұрған. Сотталғандар өздерін іздейтін және жолын тосып отыратын отбасының болғанын болғанын қалайды. Олардың өмірге деген құлшыныстары артып, болашаққа сенімен қарайды, отбасына тезірек оралсам деген арманы алға жетелейді дейді заңгер маман.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!