Қызылорда қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен ЗК-169/4 мекемесінде шет ел азаматтары да жазасын өтеуде. Мекеме қызметкерлері әр сотталушының темір торға түскенінен бастап, өмірге қайта тәрбиелеп, оң көзқарасын қалыптастыру, қоғамда өз орнын табуы мен қайта қылмыс жасамау мақсатында және шыққанға дейінгі дұрыс-мінез құлық пен іс-әрекетіне аса жауапкершілікпен қарайды.
Жыл басынан мекемеден 12 шет ел азамат босатылған. Мекеме қызметкерлері ҚР ІІМ-нің 30.01.2016 жылғы №89 бұйрығына сай босатылатын шет ел азаматтарын құжаттарымен бірге Қызылорда облыстық Полиция департаментінің көші-қон басқармасына тапсырады. Одан әрі сотталған азаматты өз еліне жіберуді облыстық Полиция департаментінің көші-қон басқармасы жүзеге асырады.
«Қауіпсіздігі төмен мекемеден жазасын өтеп шыққан он екі шет ел азаматы Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан елінің азаматтары. Олар шекараны заңсыз кесіп өту, жол-көлік оқиғасын жасағандар. Сот қаулысымен мекемеден босатылған барлық сотталғандардың ақпараттық іздестіру карточкаларын, дактилоскопиялық картасымен(саусақ іздері таңбаларын), сотталғанның босатылған жөніндегі сот қаулысының көшірмелерін, сотталғанның тұрғылықты жеріндегі Жергілікті полиция қызметі басқармасына жолданса, шет ел азаматтарының құжаттарын облыстық Полиция департаментінің көші-қон басқармасына тапсырамыз. Сонымен қоса бас бостандығынан айыру мерзімі аяқталғанға дейін 6 айдан кешіктірілмей, сотталған адам таңдаған тұрғылықты жердегі жергілікті атқарушы органдарын, ішкі істер органдарын оның алдағы уақытта босатылатындығын, еңбекке қабілеттігін, игерген мамандықтары туралы хабардар етіледі. Мерзім соңымен мекемеден 100 сотталған босатылды»,-деді режим тобының аға жедел уәкілі әділет майоры Ә.Рахманов.
Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!