Сәрсенбі, 20 қараша, 14:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада түзеу мекемесінен 16 сотталған жазасының өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстырылып мекемеден босап шықты

14.04.2023

476 0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде 150-ден астам сотталған жазасын өтеуде. Жыл басынан мекемеге сот үкімімен 40-тан астам сотталған жаза мерзімін өтеуге жіберілсе, 52 сотталған мекемеден босатылды. Олардың ішінде бірі шартты түрде мерзімінен бұрын босатылса, жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру арқылы, енді бірі мерзімінің соңымен босатылып жатыр.
Арнайы есепке алу тобының аға инспекторы әділет капитаны Мерей Табылғанованың айтуынша, ҚР ҚК-нің 73-бабына сәйкес, жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру туралы Қызылорда қалалық №2 сотына жыл басынан 49 өтінішхат жолданған. Сот қаулысымен он алты сотталғанның жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстырылып, мекемеден босатылған.

  • ҚР ҚПК-нің 472 бабының 4 тармағына сәйкес мекемеге қабылданған әрбір сотталған туралы сотқа хабарлама жіберіледі. Сондай –ақ сотталғандардың жеке істері зерделеніп, олардың ішінде жеке куәліксіз келген сотталғандар анықталған жағдайда, соттан және тергеу изоляторы мен мекемелерге жеке куәліктерінің түпнұсқасын сұрату хаттарын жолдаймыз. Жыл басынан 8 сотталғанның жеке куәліктерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді»-дейді әділет капитаны Мерей Табылғанова.

  • Дана Достанова
    Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: